«Серiктес» жергілікті кәсіподағы

Кәсіби одақ (кәсіподақ) – өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделері қауымдастығы негізінде ерікті түрде құрылған, тұрақты мүшелігі бар қоғамдық бірлестік.

«Серіктес» кәсіподағы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне, «Кәсіподақтар туралы» заңға, «АЖК» АҚ Жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

«АЖК» АҚ-да әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құқықтық құжат - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әкімшілігі мен кәсіподақ төрағасы тұлғасындағы еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт болып табылады.

«Серіктес» кәсіподағының қатарында 3500-ден астам адам бар, бұл «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерінің жалпы санының 91% құрайды.

Кәсіподақтың құрылымы шаруашылық жүргізуші субъектіге («Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік Қоғамынына) жақындатылған, 3 бағытта жұмыс істейді: облыс (Электр Тарату Аудандары), қала (Электр Тарату Аудандары), орталық басқару және қызметтер. Бұл бөлімшелерде цех комитетінің басшылығымен цехтың кәсіподақ ұйымдары бар, олар мына секторлар бойынша жұмыс істейді: ұйымдастырушылық-қаржылық, мәдени-бұқаралық, спорт, еңбек даулары мен шағымдарды қарау. Кәсіпорынның барлық шаруашылық құрылымдарында ұжыммен техникалық инспекторлар сайланды. Бұл жұмыстардың барлығын Кәсіподақтың атқарушы комитеті үйлестіреді.

Кәсіподақ өз мүшелеріне өзінің құзыреті шегінде материалдық, сонымен қатар заңдық (кеңес беру) сияқты жан-жақты көмек көрсетеді. Бұдан өзге, атқарушы комитеттің өкілдері өндірісте болған жазатайым оқиғаларды қарастыратын, көшпелі комиссияларға қатысады, даулы жағдайлар туындаған кезде келістіру комиссиясының құрамына кіргізіледі, аттестациялық комиссияның, Өндірістік Кеңестің және Тарифтік-біліктілік комиссияның жұмысына қатысады.

Байланыс:

Қали Сабржан Базылбекұлы  

«Серiктес» кәсіподағының төрағасы

Тел.: +7 727 376-17-54

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.