Омбудсмен

Card image cap

Алмешов Алмахат

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының омбудсмені (бұдан әрі Қоғам).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Омбудсмен туралы ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, Омбудсмен – Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру және еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы келелі мәселелерді шешуде, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету болып табылады.
Ережеге сәйкес, Омбудсменнің негізгі міндеттері еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы келелі мәселелерді шешуде, сондай-ақ қоғам қызметкерлерінің Іскерлік этиканы сақтауына көмек көрсету, Қоғамның беделі мен рейтингін көтеруге үлесін қосу, даулар мен шиеленістердің алдын алу мен реттеуге көмек көрсету болып табылады. Бұған қоса, Омбудсмен Кодекс ережелерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу фактілері бойынша жүгінген Қоғам қызметкерінің, лауазымды тұлғаның аты-жөнін көрсетпеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Қоғамның лауазымды тұлғаларының және басқа жұмыскерлерінің заңға қарсы әрекеттерінің фактілері бойынша 8 701 788 82 07 телефоны бойынша жүгінуді сұраймыз.

Омбудсмен туралы ереже

Омбудсменнің негізгі қызметтері

• Еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға, жүгінген жұмыскерлерге кеңес беру және Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын сақтауды, соның ішінде қажетіне қарай құпиялылықты сақтауды ескере отырып, олардың өзара келісуге болатын, конструктивті және іске асырылатын шешімдерді шығаруына ықпал ету;
• Қор және ұйым жұмыскерлерінің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ Қор және ұйым жұмыскерлерінің іскерлік этика принциптерін сақтауына ықпал ету;
• Дауға, жанжалдық немесе проблемалық жағдайларға қатысқан тұлғалар үшін дау-жанжалдарды реттеу жөніндегі ұсынымдарды шығару;
• Жүйелі, құқықтық және ұйымдастырушылық сипатқа ие жанжалдарды (дауларды) шешу және оларды болдырмау бойынша, сондай-ақ іскерлік этика принциптерін сақтау мәселелері бойынша Қордың және ұйымдардың лауазымдық тұлғаларына кеңес беру;
• Өздері анықтаған жүйелі сипатқа ие және тиісті шешімдерді (кешенді шараларды) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдардың, Қордың және (немесе) ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының қарауына шығару. Оларды шешу үшін конструктивті ұсыныстарды ұсыну.
• Өз құзыреті шегінде Қордың ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
• Ұсыныс беру сипатындағы басқа да шараларды, соның ішінде бұзылған құқықтар мен заңдық мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау.

Өзіңіздің еңбек құқықтарыңыздың бұзылуына қатысты барлық туындаған мәселелер бойынша Өзіңіздің қоржындық компанияңыздың Омбудсмен кеңсесіне немесе «Самұрық-Қазына» АҚ Омбудсменіне жүгініңіз.

Электронды жәшік:
«Самұрық-Энерджи» АҚ Омбудсмені – Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
«Самұрық-Қазына» АҚ Омбудсмені - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
(барлық сауалдар құпия сақталады)