«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Ерменсай» қосалқы станциясында жедел-көшпелі бригадалар мен төтенше жағдайларға ден қою бөлімшелерінің қатысуымен кешенді апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — апаттық жағдай туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимылға дайындығын және жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау болды.

Оқу-жаттығу барысында жабдықтардың апаттық ажыратылуы кезіндегі жедел қызметтің әрекеті, өрт сөндіру және апаттық-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-қимылы, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері тексерілді.

Оқу-жаттығуды «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және Алматы қаласы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті өкілдері бақылап отырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша мамандар мен жедел әрекет ету қызметтерінің штаттан тыс жағдайларға дайындығы, сондай-ақ ықтимал технологиялық бұзушылықтарды жою кезіндегі өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігі расталды.