«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) бос лауазымдарға орналасуға қызметкерлер іздестіруде:
Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасының еңбек қорғау жөніндегі инженері.
1) талаптар:
- жоғары кәсіби білімі болса еңбек өтіліне талап қойылмайды, орта арнайы (техникалық) білімі болса электр тораптарындағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл;
- дербес компьютермен (MS Office, Internet) және орг-техникамен жұмыс дағдылары, электронды ісқағаздар жүргізу және табель жүргізу дағдылары болуы керек.
2) білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін;
- Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ);
- Электр қондырғыларды орнату қағидаларын (ЭҚОҚ);
- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (ТПЕ);
- Энергетика кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);
- Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларын;
- Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- Электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау қағидаларын;
- Энергетикалық жабдыққа қызмет көрсету кезіндегі жазатайым оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты;
- ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 Халықаралық стандарттарын.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 27 қарашасына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.