Перспективалық дамыту бөлімінің маманы бос лауазымына орналасуға АРБ конкурс жариялайды
Қойылатын талаптар:
Еңбек өтілінсіз жоғары кәсіби білімі немесе 1 жылдан кем емес еңбек өтілімен арнайы орта білімі болуы керек, электр және бөлу тораптарын білу дағдысы болуы тиіс.
Функционалдық міндеттері:
1) ПДБ қызметі үшін қажетті өндірістік-техникалық құжаттаманы жүргізеді;
2) Техникалық және ұйымдастырушылық құжаттаманы есепке алады, сақтайды, көшіру және көбейту жұмыстарын орындайды;
3) «АЖК» АҚ-ның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары мен даму схемаларын әзірлеу үшін материалдар мен ақпарат жинайды;
4) «АЖК» АҚ электр тораптарын дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды;
5) электрмен жабдықтау мәселелері бойынша облыстың және қаланың перспективалық даму жоспарларын әзірлеу үшін материалдар жинауды жүзеге асырады;
6) басшылықтың келісімі бойынша жоғары тұрған ұйымдардың сауалына орай барлық қажетті ақпаратты береді;
7) ПДБ бастығының тапсырмасы бойынша өз өкілеттіктері шегінде ПДБ атынан "АЖК" АҚ басшылығы қол қоятын бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулардың және басқа да директивалық құжаттардың жобаларын дайындайды;
8) жоғары тұрған басшылықтың бұрыштамасы бойынша орындау үшін келіп түсетін сұрақтар мен құжаттарға жауаптарды уақтылы дайындайды;
9) ПДБ бастығының басқа да өкімдерін орындайды;
10) өзінің инженерлік-техникалық деңгейін және біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс істейді;
11) "АЖК" АҚ-ның біріктірілген менеджмент жүйесінің құжаттамасын басқарады және перспективалық даму басқармасында тәуекелдерді басқарады;
12) Перспективалық даму басқармасының ережесіне, лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізеді және жүргізеді;
13) 1С нұсқасы 8.2 бағдарламасында Перспективалық дамыту басқармасы персоналының жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және қалыптастырады;
14) іс қағаздарды жүргізеді;
15) іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, ПДБ ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамасын сақтау және мұрағатқа тапсыру жұмыстарын жүргізеді;
16) БМЖ талаптарына сәйкес стандарттарды сақтайды.
Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 16.02.2021 ж.дейін АРБ-ға 307-кабинетке әкеп беруді сұраймыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 376-18-76, ішкі тел. 38-76
Құрметпен,
«Алатау Жарық Компаниясы»" АҚ АРБ бас маманы
Тоқтарова Найля Жақсыбекқызы
Тел. 376-18-76 (ішкі тел.38-76)