"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Облыстық электр тораптары басқармасының жөндеулерді жоспарлау бөлімінің жетекші инженері бос лауазымына қызметкер іздестіруде
1. Болуы керек:
- жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 1 жыл;
- электр қауіпсіздігі бойынша тобы II-ден төмен емес;
- сенімді пайдаланушы деңгейінде Windows (Excel, Word) бағдарламасын пайдаланушы дағдылары.
2. Білуге тиіс:
- Электр қауіпсіздігі жөніндегі топ үшін көзделген көлемде электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесін (ҚТЕ);
- Лауазымы бойынша жұмыс істеу үшін қажетті көлемде электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесін (ТПЕ);
- Лауазымы бойынша жұмыс істеу үшін қажетті көлемде электр қондырғыларын орнату ережелерін (ЭҚОЕ);
- ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);
- Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты;
- ISO 9001; ISO 14001; OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарын.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 25 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.