АРБ күрделі құрылыс басқармасының құрылысты техникалық бақылау бөлімінің жетекші инженері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Талаптары:

1) жоғары кәсіби (техникалық / энергетикалық) білімі және жұмыс өтілі 1 жыл;

2) әдістемелік және нормативтік материалдар;

- заманауи ақпараттық технологияларды қолданып қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;

- ішкі еңбек тәртібінің ережелері;

- еңбекті қорғау ережелері мен нормалары;

- іс жүргізу негіздері;

- дербес компьютер мен ұйымдастыру техникасын меңгеру.

Функционалдық міндеттері:

1) құрылыс процесінде геодезиялық жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттардың болуын тексеруді жүзеге асырады;

 2) құрылыс-монтаждау жұмыстары, авторлық және тәуелсіз техникалық қадағалау бойынша шарттық міндеттемелердің, «АЖК» АҚ регламенттер талаптарының сақталуын бақылайды;

3) құрылыс-монтаждау жұмыстары кестелерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді;

4) тәуелсіз техникалық қадағалау және авторлық қадағалау қорытындысы негізінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдардың және жеткізілетін жабдықтардың жобалық шешімдерге, ҚНжЕ және стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа да құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды;

5) құрылыста пайдаланылатын конструкциялардың, бұйымдар мен материалдардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорттардың, сертификаттардың, зертханалық сынақтар нәтижелерінің және т. б.) болуын тексеруді жүзеге асырады;

6) куәландыруға ұсынылмаған жасырын жұмыстар анықталған жағдайда, орындалған жұмыстарды куәландырғанға және бағалағанға дейін одан әрі жұмыстарды жүргізуге тыйым салады;

7) тәуелсіз техникалық қадағалау қорытындысының негізінде мердігер ұйымдардан тәуелсіз техникалық қадағалау және авторлық қадағалау, мөрмен бекітілген жеке қол қою, нақты орындалған көлемдер және олардың жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігі расталғаннан кейін осы актілерге бұрыштама қою арқылы № Ф-2В нысандағы актілер бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырады;

8) бас мердігер және мамандандырылған (монтаждау) өкілімен, сондай-ақ жобалау ұйымымен бірлесіп, әзірлігіне қарай ғимараттар мен құрылыстардың, тіректердің, сыйымды құрылыстардың, көтергіш металл және темірбетон конструкциялардың және т. б. жауапты конструкцияларын аралық қабылдауға қатысады.;

9) монтаждауға түсетін жабдықтың жай-күйін және жобаға сәйкестігін тексеруге, оны монтаждау сапасын бағалауға, кешенді сынауға және пайдалануға қабылдауға қатысады;

10) қабылданған және төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнының, сондай-ақ мердігерлік ұйым сапасыз орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі мен құнының есебін жүргізеді;

11) атқарушылық техникалық құжаттаманың (атқарушылық схемалардың, аспаптық түсірілімдердің, монтаждалған конструкциялардың, ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік коммуникациялардың бөліктерінің, жұмыстардың жалпы және арнайы журналдарының) болуын және жүргізілуін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктер мен ақауларға байланысты оған өзгерістер енгізуді бақылайды;

12) құрылыс-монтаждау ұйымдарының авторлық қадағалау мен сәулет-құрылыс бақылау органдарының нұсқаулары мен нұсқамаларын, сондай-ақ орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын конструкциялардың, бұйымдардың, материалдар мен жабдықтардың сапасы мәселелеріне қатысты тәуелсіз техникалық қадағалау талаптарын орындауын бақылайды;

13) жекелеген жұмыс түрлерін, ғимараттардың, құрылыстардың және жалпы объектілердің құрылымдық элементтерін қабылдау кезінде анықталған ақаулар мен кемшіліктерді уақтылы жоюды бақылайды;

14) консервациялауға жататын объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды куәландыруға және құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттаманы ресімдеуге, сондай-ақ жұмыстарды жалғастыру үшін құрылыс-монтаждау ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;

15) құрылыс объектілеріндегі апаттық жағдайдың барлық жағдайлары және апаттарды жою жөніндегі жұмыстардың көлемі туралы жоғары тұрған басшылықты уақтылы хабардар етеді;

16) қажеттілігіне қарай тәуелсіз техникалық қадағалау жүргізетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалған көлемдерін бақылау өлшемдеріне қатысады;

17) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және сәулет - құрылыс бақылау органдары жүргізетін тексерулерге қатысады;

18) жобалау-сметалық құжаттамада сәйкессіздік анықталған жағдайда, жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды;

 19) авторлық және/немесе тәуелсіз техникалық қадағалаулардың теріс қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтін орындалған жұмыстар көлемін ресімдеуге жол бермейді;

20) техникалық кеңестердің хаттамаларын, бұйрықтар мен өкімдерді дайындайды, жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді;

 21) БМЖ талаптарына сәйкес стандарттарды сақтайды.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 30.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.

АРБ ПЖБ жетекші маманы Мухпулова А.М.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ