«АЖК» АҚ Корпоративтік дамыту басқармасы Корпоративтік дамыту және БМЖ бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға қайта конкурс жариялайды.

Барлық ниет білдірушілер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда «Samruk qyzmet» сайтында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бос жұмыс орындары» терезесінде тіркеліп, 25.10.2021 жылға дейін белгіленген үлгідегі түйіндемені толтыруы қажет.

Талаптар:

- жоғары кәсіби білімі;

- 3 жылдан кем емес еңбек өтілі;

- біріктірілген менеджмент жүйесі саласындағы теориялық және практикалық дайындығы.

Функционалдық міндеттері:

1) «АЖК» АҚ саясатын, мақсаттарын, жоспарларын және бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

2) Бөлім қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын орындау;

3) ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау;

4) «АЖК» АҚ-да БМЖ-ны жақсарту бойынша жұмыс жүргізу;

5) Сыртқы инспекциялық аудиттер жүргізуге Қоғамның БМЖ-сын дайындау;

6) тәуелсіз сертификаттау органдарымен аудит жүргізу кезінде қолданыстағы халықаралық стандарттардың талаптарына «АЖК» АҚ БМЖ сәйкестігіне сертификаттауды ұйымдастыруға қатысу;

7) Қоғам қызметкерлерін БМЖ бойынша әдістемелермен қамтамасыз ету;

8) БМЖ құралдарын пысықтау (сапа саласындағы саясат пен мақсаттар, ішкі аудит, түзетуші және алдын алатын іс-қимылдар, басшылықтың БМЖ-ны талдауы);

9) БМЖ қызметі туралы есептерді дайындау;

10)Қоғамның ұзақ мерзімді стратегиясын дайындау және уақтылы өзектілендіру жөніндегі процесті үйлестіру;

11) Қоғам стратегиясын іске асыру бойынша жиынтық есептер дайындау;

12) Қоғамның корпоративтік дамуын басқару процесінде «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыру;

13) тұтас алғанда Қоғамның корпоративтік дамуын жетілдіру жөнінде жиынтық есептер дайындау.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, ішкі тел. 3876