Электр энергиясын талдау және есепке алу тобының инженері

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Электр энергиясын талдау және есепке алу тобының инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында) бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

Қойылатын талаптар:

- Жоғары кәсіптік білімі болса,  жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды,  арнайы орта (техникалық) білімі болса,  кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесін (ТПЕ);

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ПТБ);

Өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);

Электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОЕ);

Электр энергиясын пайдалану қағидаларын (ЭЭПҚ);

Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын (КҚКҚ);

Электр қондырғыларында пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау қағидаларын;

Кернеуі 1000 В-ға дейін және одан жоғары электр желілерін қорғау қағидаларын;

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің және Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің басқа да жоғары тұрған органдарының нұсқаулық материалдарын;

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын;

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережені;

Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты;

Энергия жүйелеріндегі электр энергиясын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты;

Энергетикадағы жөндеу-пайдалану мұқтаждарына арналған материалдар шығысының үлгілік нормалары жөндеу қорының қаражатын нормалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

Құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ);

Өнеркәсіптік санитария ережелерін.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 12 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.

СКАЧАТЬ ФОРМУ РЕЗЮМЕ