"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Өндірістік-техникалық басқарманың жөндеу мониторингін жоспарлау қызметінің инженері бос лауазымына қызметкер іздестіруде.
1.Болуы керек:
- жоғары кәсіптік білімі, бұл ретте жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе арнайы орта (техникалық) білімі, оған қоса жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
- электр қауіпсіздігі бойынша тобы II-ден төмен емес,
- компьютерде жұмыс істей білуі және Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Office Outlook бағдарламаларын пайдалана алуы;
2.Білуге тиіс:
- ҚР Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (ТПЕ);
- ҚР Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ);
- ҚР өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);
- ҚР энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу ережелерін;
- Энергетикалық жабдыққа қызмет көрсету кезіндегі жазатайым оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты;
- Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтары, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты (РД 122.04.181-03);
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 25 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.