Алаяқтардан сақ болыңыздар!

Құрметті тұтынушылар! "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ алаяқтардан сақ болуға шақырады. Алаяқтар ұялы телефондарыңызға қоңырау шалып, өздерін компания қызметкерлері деп таныстыруда. Әңгімелесу кезінде олар сізден жаңа пароль мен SMS кодын айтып жіберуілеріңізді сұрайды. Алаяқтар тіпті мәселені жылдам шешу үшін гаджетіңізге қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін ұсына алады. Есептік жазбаларыңызға қол жеткізген алаяқтар барлық ақшаны алып, тіпті сіздің атыңызға несие рәсімдей алады.

Кеңес: Егер сізге «Алатау Жарық Компаниясы» қызметкерлері қоңырау шалса, сөйлесуді дереу аяқтаңыз. Есіңізде болсын, компания қызметкерлері сіздің жеке деректеріңізді нақтылау үшін сізге ешқашан қоңырау шалмайды және ұялы телефондарыңызға келетін SMS кодын сұрамайды. Электр қондырғыларын тексеретін мамандар арнайы формамен жүреді және күәліктерін көрсетулері тиіс.
Электр қондырғылары жоспарлы түрде жылына 1 рет тексеріліп отырады. Егер қондырғының тұтыну мерзімі өтіп кеткен немесе жұмысында ақау болатын болса тексеріп келген маман міндетті түрде АКТ толтырып береді. Сол құжатпен электр қондырғысын тексеруге немесе ауыстыруға жібере аласыздар. Банк карталарыңыздын номерін, паролін және жеке деректеріңізді ешкімге айтпауларыңызды сұраймыз. Бұл ақпарат тек алаяқтар үшін маңызды екенін ескертеміз!