Қыркүйектің 24 күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Жамбыл электр тораптар ауданында Алматы облысы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен өткізілетін әскери жиындар мен тактикалық арнайы жаттығулары өтті

Электр тораптар ауданы стратегиялық нысан болғандықтан террорлық әрекеттерге қарсы қимыл-қозғалысты тәжірбиеден өткізді. Бұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе кез-келген жағдайда дұрыс әрекет етуге және сақадай сай болуға дайындайды.