

Қала әкімдігі басқармаларының, аудан әкімдіктерінің және мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған антикризистік коммуникациялар бойынша медиа-тренинг
21–22 қараша күндері Алматы қаласы «Аймақтық коммуникациялар қызметі» КММ базасында қала әкімдігі басқармаларының, аудан әкімдіктерінің және мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған антикризистік коммуникациялар бойынша медиа-тренинг өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Кризистік коммуникациялар. Әлеуметтік желілерді жүргізу. Mojo».
Тренингтердің мақсаты – дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу дағдыларын дамыту, әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу және мобильді журналистиканың (Mojo) заманауи құралдарын қолдануды үйрету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар ақпарат ағымы артып жатқан жағдайда тиімді коммуникация әдістерін меңгеріп, әлеуметтік желілерді басқару принциптерін тереңірек түсініп, журналистикадағы мобильді технологияларды қолдану бойынша тәжірибелік білім алды.
Тренинг спикерлері ретінде медиа саласының жетекші мамандары шақырылды:
Айнұр Қоскина – журналист, продюсер, QOSlive жобасының авторы, конфликтке сезімтал журналистика және кризистік коммуникациялар бойынша медиа-тренер.
Марат Садықов – продюсер, журналист, оператор-монтаждаушы, мобильді журналистика бойынша медиа-тренер.
Қатысушылар тренингтің жоғары практикалық құндылығын атап өтіп, кәсіби білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Өткізілген іс-шара баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыруға және қазіргі заманғы қиындықтарға бейімделуге дайын болуына маңызды қадам болды.
Тренинг аяқталған соң барлық қатысушыларға бағдарламаны сәтті меңгергенін растайтын сертификаттар табысталды.