
Қайырымдылық – біздің өміріміздегі ең маңызды ұғымдардың бірі
Бұл жанашырлық сезімі мен мұқтаж адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Дәл осы қайырымдылық акциясын "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Кеген Электр Тораптары Ауданы бастады. Жаңа жыл қарсаңында Кеген ЭТА ұжымы құрбандық шалып, 15 мұқтаж отбасына таратып, 2 отбасына көмір түсіріп берген. Сонымен қатар балаларға арналып жаңа жылдық тәттілер де табыс етілді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, ел үшін ерінбей еңбек етіп, көмек қолын созған әріптестеріміз қашанда мақтауға лайық.







