Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Механикаландыру және көлік басқармасының жүргізушісі Нұрмұханбетов Қайрат Жеңісұлы

1986 жылдың желтоқсан оқиғасын Алматыдағы қазақ жастарының бас көтеріп, бейбіт шерудің арты ушығып кетіп саяси көтеріліс дәрежесіне жетуі, тарихта терең із қалдырған дүрбелеңді күндер деп білеміз.

«Біз өз үнімізді ашық жеткізу үшін бейбіт шеруге шықтық. Алаңда арымыз бен намысымыз аяусыз жаншылып, тапталғаны рас. Сонымен қатар, денсаулығымызға да көптеген зардабы тиді» деп желтоқсан оқиғасының қатысушысы Механикаландыру және көлік басқармасының жүргізушісі Нұрмұханбетов Қайрат Жеңісұлы еске алуда.