Жамбыл Электр Тораптары Ауданы жұмысшылары арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырды

Әр түрлі ойындардан құрылған спорттық шарада 6 команда бақ сынады. Сайыста білектің күшін қажет ететін қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру ойындарынан бөлек ойлау қабілетін көрсететін шахмат ойыны да болды. Шараның басты мақсаты ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру еді. Жарыс соңында жеңімпаз иелеріне бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталып, «Алғыс хаттармен» марапатталды.