“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ ұжымы Наурызнама онкүндігі шеңберінде Ұлттық киім күні мерекесін атап өтті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл күні компания қызметкерлері қазақ халқының дәстүрлі ұлттық киімдерін киіп, ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүр мен мәдени мұраға деген құрметін білдірді. Әсем ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдер ұжымға ерекше сән беріп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.

Осындай тағылымды шаралар ұлттық болмысты насихаттап, төл мәдениетімізге деген құрметті арттыруға, сондай-ақ ұжым арасында бірлік пен рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.