"Үздік қызметкер" конкурсы
Бегілдаевой Әсел Айдарқызы еңбек жолын 2011 жылы «АЖК» АҚ Іле ЭТА-да "Первомайка" учаскесінде электр санауыштарды пайдалану жөніндегі электр монтері болып бастады. 2013ж. АЖК АҚ ӨбЭТА-да инженер-талдаушы қызметін атқарды. Өтеген батыр ЭТА-да жұмыс істеген кезінде ол өзін шешім қабылдай алатын және түпкі нәтижеге жауапты болуға қабілетті білікті маман ретінде көрсетті. Өте ынталы, атқарушы және тәртіпті қызметкер. Оның жоғары зейінділігін және жұмысқа қабілеттілігін, электр энергиясын тұтыну теңгерімі бойынша туындайтын даулы мәселелерді шеше білуін, тапсырылған іске барынша адалдығы мен жауапкершілігін атап өткім келеді. Өзінің кәсіби білімі мен білім деңгейін үнемі арттыруға ұмтылады. Еңбек тәртібін бұзуға жол бермейді. Ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ұжымда әріптестерінің беделі мен құрметіне ие.
Оның еңбегінің арқасында ҚС, TҚС, БТҚС балансы бөлініп, кедергісіз және уақтылы жүзеге асырылады.
Бердибаев Нурмахат Меркибекович 1981 жылы туған, 2003 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Автоматтандыру жөніндегі инженер» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылғы 17 ақпаннан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін «АЖК» АҚ Стратегия және корпоративтік дамыту бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 3 маусымға дейін «АЖК» АҚ Корпоративтік дамыту басқармасының Тәуекелдер және ішкі бақылау секторының жетекші маманы қызметін атқарды.
2019 жылғы 3 маусымнан бастап осы күнге дейін «АЖК» АҚ Корпоративтік дамыту басқармасының Тәуекелдер және ішкі бақылау секторының бас маманы лауазымында.
Жұмыс істеген кезеңінде ол өзін шешім қабылдауға және түпкілікті нәтижеге жауап беруге қабілетті білікті маман ретінде көрсетті.
Н.М.Бердібаев өзі орындайтын жұмысына байланысты корпоративтік басқару, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері саласында мол білімге ие.
Жұмыс барысында Н.М.Бердібаев өзін ұйымдастырушылық қабілеті бар және әріптестерімен қарым-қатынасты дұрыс жолға қойған компанияның білімді қызметкері ретінде көрсете білді.
Н.М.Бердибаев – біліктілікті арттыру курсынан өтті және "ARG Group LTD" академиясының Ішкі аудитор сертификаты, "AGENS" ЖШС-ның тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау. Тәуекел менеджменті бойынша курстан өткені туралы сертификаты, Intertek компаниясының ішкі аудитор сертификаты, "JK-GROUP" ЖК "Тәуекелдерді басқару және команда құру" курсынан өткені туралы сертификаты бар.
Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындауға көмектесетін адалдық, ұқыптылық, мақсаттылық, әдептілік сияқты жеке қасиеттерге ие.
Еңбек тәртібін ешқашан бұзбаған, "АЖК" АҚ-да жұмыс істеген уақытында атқарылған жұмысқа қатысты алған жазалары, шағымдар мен ескертулер болған емес, корпоративтік этиканы сақтайды.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде Н.М.Бердібаев Корпоративтік дамыту басқармасынан қазан айындағы "Үздік қызметкер" конкурсына қатысу үшін кандидат ретінде ұсынылады.
Деева Лариса Валерьевна – 7-ЭТА электр санауыштарын пайдалану жөніндегі электр монтері. "АЖК" АҚ-дағы өндірістік қызметі 2003 жылы 2-ЭТА-да басталды. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 7-ЭТА-да жұмыс істейді. Біліктілігі – 4-дәрежелі электр санауыштарды пайдалану жөніндегі электр монтері. Электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ топта. "АЖК" АҚ-да тәжірибелі мамандардың бірі болып табылады. Өндірістік процеске қатысты технологияларды жақсы меңгерген. ЭКЕАЖ енгізу кезінде жұмысқа белсенді қатысты. Аумақтық учаскеде электр санауыштар PLC модемімен толығымен ауыстырылды, бұл шығындардың төмендеуіне әсер етті. Қиын жағдайларда тез және дұрыс шешім қабылдауға қабілетті. Бұл - белсенді өмірлік ұстанымы бар шығармашылық жетекші. Бар ресурстарды оңтайлы қолдана отырып, тапсырманы орындай алатын жоғары деңгейдегі маман. Белсенді өмір салтын жүргізеді. Спорттық жарыстарға қатысады. Гүл өсірумен, қолөнермен және дизайнмен айналысқанды ұнатады. Үнемі кәсіби шеберлігігін арттыруға ұмтылады. Өндірістік жұмыста жауапты, тәртіпті, атқарушы, бастамашыл. Іскерлік қасиеттерге ие, жұмысына адал қарайды, кәсіби өсуге тырысады, аналитикалық ойлау қабілеті жоғары. Жұмысты ұйымдастыра алады. Лариса Валерьевна өзіне талап қоя білетін және кәсіби білімі терең, қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті қолайлы шығармашылық атмосфераны құра алады, әріптестер мен тұтынушылар арасында үлкен беделге ие. Жас мамандарға тәлімгер болып табылады.
Максутов Елдар Абдинасырович Диагностика басқармасында 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін еңбек етіп келеді.
"Трансформаторларды жоғары вольтті сынау стенді", "Резервтік электр жабдығы мен айлабұйымдарды сынау стенді", «Электр жабдығы мен қорғаныс құралдарын сынау стенді" сияқты стенділеді нормативтік құжаттарға сәйкес жоғары вольтты сынақтарды жүргізу кезінде олараға басшылық жасауды, бақылауды жүзеге асырады және тікелей қатысады.
Өлшеу және сынау нәтижелерін өңдейді және талдайды, электр жабдығының жай-күйі туралы қорытынды дайындайды, сыналған қорғаныс құралдары мен электр жабдығын сынау хаттамаларын жасайды.
"АЖК" АҚ бөлімшелерінің қорғау құралдарын сынау мерзімі мен жай-күйін қадағалауды жүзеге асырады, басқарманың жедел, айлық, тоқсандық және жылдық есептілігін жасау кезінде өндірістік-шаруашылық қызметке талдау дайындайды, Жаңа жабдықты қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады. Жоғары вольтты сынақтар мен өлшеулер бойынша басқарма персоналын оқытуға қатысады, ай сайын басқарманың атқарған жұмысы туралы жоспар-есеп жасайды.
"АЖК" АҚ-да жұмыс істеген кезінде өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсете білді. Өзінің кәсіби білімі мен білім деңгейін арттыруға ұмтылады. Өз білімін тәжірибеде қолданады. Ол өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды, оны уақытында сапалы орындайды. Қауіпсіздік техникасы мен еңбек тәртібін бұзуға жол бермейді. Ұжымда лайықты құрметке ие.
Сахариянова Дана Ошановна компаниядағы еңбек жолын 1988 жылдан 1992 жылға дейін АПК жанындағы Күрті ауданының кезекші диспетчері болып бастап, 1992 жылдан 2000 жылға дейін Айдарлы ауылында №139А 110/35/10кВ-ҚС-да кезекші электр монтері, 200 жылдан бастап 2010 жылға дейін электр санауыштарды пайдалану жөніндегі монтер, ЖЭТА Күрті учаскесінің кассирі, 2010 жылдан 2015 жылға дейін ЖЭТА Күрті учаскесінде эл / энергияны босату жөніндегі шебер болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап ЖЭТА өндірістік-техникалық тобының инженері болып қызмет атқаруда.
Еңбек қызметінің барлық уақытында өзін жауапты қызметкер, өз ісінің нағыз маманы ретінде көрсете білді.
Өз мамандығы бойынша терең білімі бар, қызметтік мәселелерде өзінің кәсіби дағдылары мен тәжірибесін кеңінен пайдалана алады.
ЖЭТА бойынша жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспар-кестелерінің жобаларын және оларды орындау бойынша есептерді жасаумен, тұтынушылық электр қондырғыларды электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар мен ұсынымдар жобаларын құрастырумен айналысады;
Кернеуі 110, 35, 10, 6, 0,4 кВ электр жеткізу желілерінің қолданыстағы схемаларын олардың жергілікті жерде нақты орналасуымен салыстырып тексеруді жүргізеді;
10,6/0,4кВ-ТҚС, 110/35/10кВ-ТҚС, кернеуі 110, 35, 10, 6, 0,4 кВ электр жеткізу желілерінің техникалық паспорттарын жүргізеді;
"МАНАТ" ПИК деректер базасына ақпаратты енгізу бойынша жұмысқа үлкен үлес қосты.
Ай сайын Өндірістік-техникалық топтың қызметіне байланысты құжаттарды (ЖЭТА "Doing BUSINESS" бойынша техникалық шарттарды орындау және жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспар-кестелерін және олардың орындалуы бойынша есептерді) уақтылы пысықтайды.
ЖЭТА бойынша күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алу үшін құжаттарды уақтылы, сапалы және жедел жасап ұсынады.
01.10.2020 ж. бастап 25.11.2020 ж. дейін түгендеу жүргізу кезеңінде жасалатын құжаттармен жұмыс істеді.
Д.О.Сахариянова әріптестермен де, жұмыс барысында да тәртіпті, атқарушы және әдепті.
Еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасын бұзған кездері болған жоқ.
Өндірістік мәселелерді шешуде үнемі жеке бастама көтеріп, кәсіби дағдыларды жетілдіруге тырысады.
Оған жұмысына жауапты, алдына қойған мақсаты бар адам деп мінездеме беруге болады, басталған жұмысты соңына дейін жеткізеді, ұқыпты, адал, еңбекқор және атқарушы. Тұрмыста, 3 баланың анасы. «Орта буын басшыларына арналған оқу-ақпараттық курс» (Жаңа нұсқа стандарттарының негізгі өзгерістері) (ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 жаңа нұсқалар стандарттарының негізгі өзгерістері және ISO 50001:2011, OHSAS 18001:2007 стандарттарына кіріспе) курсынан өткен, сондай-ақ "АЖК" АҚ-да өткізілген семинарларға, тренингтерге қатысушы. Жас мамандар арасында тәрбие және ақпараттық-оқыту жұмыстарын жүргізеді және кәсіби тәжірибесімен бөліседі, Жамбыл ЭТА қоғамдық өміріне белсенді қатысады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі болып табылады.
Хадыева Рифата Валиковича 2016 жылғы ақпан айынан бастап осы күнге дейін Қалалық бөлу тораптары басқармасы Жедел-диспетчерлік қызметінің кезекші диспетчері лауазымында жұмыс істеп келеді. Әріптестерімен достық қарым-қатынаста. Мейірімді және ұстамды, кез келген жағдайда жанжалды бейбіт жолмен шешуге дайын. Жаман әдеттері жоқ. Өмірдің дұрыс басымдықтары мен бағдарларын ұстанады. Ұжымның қоғамдық өміріне қуана атсалысады.