"Үздік қызметкер" конкурсы
Авкенова Шолпан Марксовна – Адам ресурстары басқармасының еңбек және еңбекақы бөлімінің бас маманы.
Авкенова Шолпан Марксовнаның екі жоғары білімі бар. 2000 жылы Қарағанды металлургия институтын Өнеркәсіптік жылу энергетикасы мамандығы бойынша бітірді, өнеркәсіптік жылу энергетикасы инженері. 2009 жылы "Қайнар" университетін Қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы "АПК" АҚ Алматы қаласының Қалалық электр бөлу тораптарында (ҚЭБТ) бастады. Кадрлар, еңбек және экономикалық жоспарлау бөлімінің кадрлар жөніндегі инженері лауазымында еңбек етті.
Осы қызметкер "8.2.2" 1С базасын түзету бойынша, stat.gov.kz статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тапсыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. еңбек ресурстары мен жұмыс уақытын жақсарту мақсатында акционерге еңбек бойынша ай сайынғы есеп, табельдерді тексеру, жұмыскерлерге сыйақы беру, кәсіптер мен лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту және орындалатын жұмыстар көлемі туралы ережелерді әзірлеуге қатысу, жалақының, материалдық және моральдық көтермелеудің қолданыстағы нысандары мен жүйелерін қолдану тиімділігін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, жұмысшылар разрядтары мен мамандар санаттарының біліктілік анықтамалықтарына сәйкес кәсіптер мен лауазымдардың атауларын белгілеудің дұрыстығын, сондай-ақ Еңбек және демалыс режимдерінің және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "АЖК" АҚ-дағы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес демалыс және мереке күндері, үстеме уақытта жұмысқа ақы төлеуге арналған материалдарды тексереді және олар бойынша бұйрықтар жобаларын дайындайды. Бас маман лауазымында жұмыс істеген уақытында өзін сауатты, атқарушы, ішкі нормативтік құжаттаманы білетін маман ретінде көрсетті. Ұжымда жұмыс істей алады, ұйымдастырушылық қабілеті бар, ұжымда беделге ие.
Байгерей Акерке Муратбеккызы – Талғар ЭТА ӨТТ техникалық құжаттар жөніндегі инженер өзінің еңбек жолын 2019 жылы ТЭТА ЖДТ инженері болып бастаған. 2020 жылы ТЭТА ӨТТ техникалық қызметі бойынша инженер лауазымына ауыстырылған. «АЖК» АҚ Талғар ЭТА-да жұмыс істеген уақытында өзін атқарушы, ұқыпты және адал қызметкер ретінде көрсетті. Өзінің лауазымдық міндеттерін өте жақсы атқарады. Әрқашан жаңа міндеттер мен жаңалықтарды игеруге тырысады. Барлық уақытта өзінің білімі мен кәсіби сапасын арттыруға ұмтылады. Тұтынушылармен өте жақсы жұмыс істей алады. ТЭТА қызметкерлері арасында құрметке ие.
Қазіргі уақытта А.Байгерей өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерден басқа ТЭТА ісқағаздарын жүргізушісінің декреттік демалысқа шығуына байланысты ісқағаздар жүргізушінің жұмысын қосымша үйлестіріп жүр, сондай-ақ ОПФ журналын жасау бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Джусомбаев Манарбек Токтаганович – санитарлық-техникалық жабдықтарды монтаждаушы «АЖК» АҚ-да 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді, соның ішінде ӘШҚ қызметінде санитарлық-техникалық жабдықтарды монтаждаушы лауазымында 16.01.2008ж. бері жұмыс істейді.
Ғимараттар мен құрылыстардың тозған коммуникациялық инженерлік желілерін қайта құру және ауыстыру бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеу саласында кең білімі бар, жерүсті және жерасты коммуникациялық жүйелерінің жұмыс жағдайын және үздіксіз жұмысын бақылауды уақтылы жүзеге асырады. Күн сайын ыстық, суық сумен жабдықтау және жылу энергиясының тұтынылуына бақылау жүргізеді.
Джусомбаев Манарбек Токтаганович өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Білікті қызметкер, тамаша ұйымдастырушылық қабілеті бар, өзінің жеке үлгісімен ұжымда сенімге, құрмет пен беделге ие болды, жоғары кәсібилігімен, еңбексүйгіштігімен, принциптілігімен, жауаптылығымен және әдептілігімен ерекшеленеді.
Матрёнин Юрий Александрович – «АЖК» АҚ Қалалық бөлу тораптары басқармасының 1-ЭТА (есептеу аспаптары жөніндегі) шебері. Компаниядағы еңбек қызметінің барлық уақытында 1998 жылдан бастап, 1999 жылы 1-ЭТА (есептеу аспаптары жөніндегі) лауазымына ауыстырылды, өзін жауапты қызметкер ретінде көрсетті және өз ісінің, атап айтқанда электр энергиясын есептеу аспаптарын пайдалануда кәсіпқой болып табылады. Өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады. Өз мамандығы бойынша кең және терең білімі, қызметтік мәселелерде кең ортақ эрудициясы бар. Жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсетті және басшылықтың тапсырмалары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Барлық тапсырмаларды мерзімінде орындайды. Кәсіби өсуге ұмтылысы, аналитикалық ойлауы бар. Өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен және адал қарайды. Қол астындағылардың жұмысын ұйымдастыруда өзінің қабілетін дәлелдеді.
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде тәртіптік жаза немесе сөгіс алған жоқ. Жас электр монтерлері арасында тәрбие жұмысын жүргізеді және кәсіби тәжірибесімен бөліседі. Жаман әдеттері жоқ. Өмірдің дұрыс басымдықтары мен бағдарларын ұстанады. Ұжымның қоғамдық өміріне қуана қатысады.
Пивкин Станислав Дмитриевич – Қосалқы станциялар басқармасының БП қызметінің бөлу тораптарын пайдалану жөніндегі электр монтері. Энергия жүйесінде 1981 жылдан бері 40 жыл еңбек етіп келеді. Жұмыс барысында өзін кәсіби шебер, жұмысына адал маман екенін көрсетті, еңбек тәртібін сақтайды, еңбек шартына, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді сапалы, уақтылы және нәтижелі орындайды. Еңбек тәртібін сақтау мәселесі бойынша жоғары деңгейімен сипатталады.
Тусупжанова Динара Бауыржановна - Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасының еңбек қорғау бөлімінің бас маманы өзінің еңбек жолын 2012 жылғы маусым айынан бастап СБжЕҚБ-да еңбек қорғау бөлімінің инженері лауазымынан бастаған. 2020 жылғы қараша айынан бастап СБжЕҚБ еңбек қорғау бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылған.
Д.Түсіпжанова жұмыс істеген кезеңінде өзін сауатты маман ретінде көрсете білді, өзіне қойылған өндірістік сипаттағы міндеттерді сенімді және белгіленген мерзімде шешеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелеріне мұқият қарайды, жауапкершілік сезімі жоғары, жұмысқа қабілетті. Үнемі кәсіби деңгейін арттырып отырады.
Жұмыс мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттарды зерделейді, лауазымдық міндеттерін және басшылық жүктеген басқа да міндеттерді орындауға жауаптылықпен және байыпппен қарайды.
Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар:
- 08.2012 ж., 25.11.2015 ж., 10.05.2018 ж. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша оқудан табысты өтті.
- 2012ж. 29-30 қарашада «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы, «Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша оқыту үлгілері мен ережелері, «Кәсіпорында оқиғаларды тергеп-тексеру» ҚР Заңын іске асырудың өзекті мәселелері» тренинг.
- 6-7.08.2015ж. Қазақстан Медиация орталығында «Менеджерлер үшін медиативтік құзыреттер» курсы.
- 11.2019ж. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.
- 12.2019ж. «Еңбек қорғау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.
- 01.2020ж. «Заманауи жағдайларда тұрақты даму» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.
- 09.2020ж. «Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес «Еңбек қорғауды басқару және тәуекелдерді басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы бойынша 72 сағаттық курс.
- 17-21 ақпан 2020ж. «RaVis» білім беру орталығында «Шешендік өнер және жұртшылық алдында сөйлеу».
- 2012, 2013, 2014, 2015, 2016 жж. «6-10-0,4кВ бөлу электр тораптарын қызметтеу және жөндеу жөніндегі жедел-жөндеу персоналының кәсіби жарысында», «35кВ және одан жоғары ҚС БҚ жабдықтарын жөндеу жөніндегі персоналдың кәсіби жарысында», 35кВ және одан жоғары ЭЖЖ-ны пайдалану және жөндеу жөніндегі электр монтерлер бригадаларының кәсіби жарысында» төрешілер алқасының құрамында болды.
- 2012-2015жж. «АЖК» АҚ персоналына «Гоша» робот-тренажерінде алғашқы көмек көрсету бойынша оқуды жүргізді.
Қауіпсіздік техникасы күнін өткізуге, "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерін кенеттен және кешенді тексеруге, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге тікелей қатысады. Мәселен, ағымдағы жылы электр энергиясын есептеу құралдарын пайдалану учаскелерінде, ЭЖЖ жабдықтарын жөндеу және пайдалану учаскелерінде, барлық ЭТА желілік учаскелерінде нұсқамалар мен нұсқаулар бере отырып, кенеттен тексерулер жүргізді, жұмыскерлерді жазалау және және көтермелеу туралы 27 қорытынды бұйрық шығарды, Covid-19 бойынша жадынама әзірледі.
Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің шақыруымен, 1, 2, 3, 4- курс студенттеріне еңбекті қорғау, өндірістік санитария, жеке қорғаныс құралдары, Еңбекті қорғау саласындағы НҚА пәндері бойынша дәріс оқыды.
Ол - компания үшін құнды кадр. Коронавирустық инфекция кезеңінде еңбекті қорғау бөлімінің үлкен жұмыс көлемін орындай отырып, қалыпты емес кесте бойынша жұмыс істеді.
Еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзған кездері болған жоқ. Ұжымда лайықты беделге ие. Ашық, мейірімді. Өз жұмысына кәсіби тұрғыда қарайды.