«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кеңес өткізді
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мақсұтов Алматы энергетика кешені кәсіпорындарына жасаған жұмыс сапары аясында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да (АЖК) 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өткізді.
2024 жылғы қаңтардан бастап Алатау Жарық Компаниясы Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кепілдендірілген жеткізуші функциясын орындай бастады. Заңнамаға сәйкес, энергиялық жабдықтау ұйымдары нарық субъектілерінің қатарынан шығарылып, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету функциясы энергия жеткізуші ұйымдарға берілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға қосу үдерісін алдын ала бастап, оны сәтті аяқтады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық тұтынушылар жаңа кепілдендірілген жеткізушіге ауыстырылып, үздіксіз әрі сенімді энергиямен қамтылуы қамтамасыз етілді.
Кеңес барысында «АЖК» АҚ Энергосбыт филиалының басшысы Гүлжан Исламова компанияның 2024 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша есеп берді. Өткен жылдың нәтижесінде Энергосбыт 2019 жылдан бері алғаш рет оң қаржылық көрсеткішке қол жеткізді.
Сондай-ақ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Абай Асыловтың есебі тыңдалды. Ол 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Есепті кезеңде тұтынушыларға 9 258 млн кВт/сағ электр энергиясы жеткізілді, бұл жоспарланған көрсеткіштерден едәуір жоғары. Компанияның қаржылық нәтижелері де жақсарды. Алынған табыс инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Айта кетейік, 2024 жылы Алатау Жарық Компаниясы энергетикалық жүйелерді жаңғырту мен қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Жалпы сомасы 25 503 млн теңгені құрайтын 20 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында 110/10 кВ «Көкөзек» қосалқы станциясының құрылысы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша қосалқы станцияларды қайта құру және негізгі жабдықтарды кешенді ауыстыру жұмыстары бар.
📌 Кеңес қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» басшысы 2025 жылға арналған жоспарларды орындау, апатсыз жұмыс істеуді қамтамасыз ету және қала мен облыстың халықты және өнеркәсіптік кәсіпорындарын сенімді энергиямен жабдықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.