«АЖК» АҚ-да бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау, сондай-ақ реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы жөніндегі есеп бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Компания электр желілерін жаңғырту жоспарларының орындалуы, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, техникалық шығындарды азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынды.

Тұтынушылармен өзара іс-қимыл мәселелеріне және сервистерді жетілдіруге, соның ішінде онлайн-қызметтер мен цифрлық сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды.

«АЖК» АҚ Алматы қаласы мен Алматы облысына электр энергиясын тұрақты әрі сапалы жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ компания жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда.