Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өткен мини-футбол турнирінде "Алатау Жарық Компаниясы" құрама командасы бірінші орынды иеленді.

Бұл жеңіс – ұжымның бірлігінің, табандылығы мен спортқа деген құштарлығының айқын дәлелі. Компания қызметкерлері кәсіби салада ғана емес, сондай-ақ спорттық жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізетінін тағы бір мәрте көрсетті.