«Ұжымнан сый»: көпбалалы әріптеске жаңа баспана
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тарихында жүрекке жылу сыйлаған ерекше күн.
Жыл басында тағдырдың ауыр сынынан өтіп, жұбайынан айырылып, көп балалы әке ретінде үлкен жауапкершілік арқалаған әріптесіміз – Жамбыл Электр Тораптары Ауданының жүргізушісі Құдасбаев Айдын Әбілқасымұлына қолдау көрсету мақсатында компания басқармасының төрағасы Асылов Абай Ноғайұлының бастамасымен игі іс бастау алған еді.
Бірліктің, ұйымшылдық пен жанашырлықтың арқасында, барлық құрылымдық бөлімдер мен қалалық және облыстық Электр Тораптары Аудандарының ұжымдары атсалысып, 5 бөлмелі кең әрі жарық жаңа үй салынып, заманауи тұрмыстық техника және қажетті жиһаздармен толық жасақталды.
🏡 Сол шаңырақтың кілті салтанатты түрде табысталып, көпбалалы отбасы үшін жаңа өмірдің, жарқын болашақтың есігі ашылды.
Бұл бастама – ұжымдағы шынайы жанашырлықтың, мейірім мен бірліктің жарқын көрінісі деп білеміз.