Құттықтаймыз! Индира Байжанова — әлемнің екі дүркін чемпионы
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы атынан әріптесіміз, компания қызметкері Индира Байжанованы шын жүректен құттықтаймыз!
Индира Болгария мемлекеті, Албене қаласында өткен қол күресінен (армрестлинг) әлем чемпионатында ардагерлер арасында оң және сол қол бойынша 1-орындарды иеленіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – оның қажырлы еңбегі мен табандылығының жемісі ғана емес, сонымен қатар ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш.
Әріптесімізге мықты денсаулық, толайым табыс және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!