Алматы қалалық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, төраға Сабыржан Қали басқаратын «Серіктес» жергілікті кәсіподағы және «Alatay Jastary» жастар кеңесі «АЗТМ» скверінде сенбілік өткізді. Акция барысында 50-ден астам қоқыс қапшығы жиналды. Шара Алматы қаласы күніне орай ұйымдастырылып, «Таза кәсіпорын – Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өтті.