«Еңбек күні» мен «Кәсіподақтар күніне» орай тимбилдинг.

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 120 жылдығы, ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы және жергілікті «Серіктес» кәсіподағының 15 жылдығына байланысты «Алатау Жарық Компаниясы» мен «Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлеріне арналған тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Алматы облысындағы «Арман дала» демалыс орнында өтті.

Тимбилдингтің басты мақсаты – еңбек ұжымдарының ынтымақтастығын нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және кәсіподақ мүшелерінің бірлігін арттыру. Қатысушылар түрлі спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысып, ұйымшылдық пен серіктестікті көрсетті.

Мерекелік шараға Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Бекбас Оразбек Телбайұлы қатысып, кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек саласындағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының тарихына шолу жасалып, бүгінгі жетістіктер ерекше бағаланды.

Шара мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтуға зор ықпал етті.