Алматы әкімі АЖК-да: нәтижелер, жоспарлар және тапсырмалар
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на барып, өндірістік нысандарды, жөндеу цехын, диагностикалық қызметті және апаттық жұмыстарға арналған арнайы техниканы аралап көрді. Соңғы жылдардағы инвестициялық бағдарламаның нәтижелері таныстырылды: 344 шақырым кабель желісі салынды, 129 трансформаторлық қосалқы бекет жаңғыртылды, 20 шақырым әуе желісі жаңартылды, жаңа энергия нысандары іске қосылды. 2025 жылға жоспар: 115 шақырым кабель желісін салу, 21 қосалқы бекетті жаңғырту, ескірген 15 трансформаторлық пунктті ауыстыру. Кездесу қорытындысында әкім: кабель желілері мен қосалқы бекеттерді жаңғыртуды жеделдетуді, күзгі-қысқы маусымға дайындықты күшейтуді, желіні басқаруға цифрлық технологияларды енгізуді және төтенше жағдай кезінде халықты дер кезінде ақпараттандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.