«Алатау Жастары» ұйымы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен тағылымды кездесу өткізді
Кездесу барысында «Ақиқат жолындағы Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сайфолда Бейсенбай, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Жанат Нұрмұханбетова және әріптестеріміз Қайрат Нұрмұханбетов, Лиза Уржанова, Ызғарбек Үсенбаев сол бір тарихи кезеңде орын алған оқиғалардың қалай өрбігені жөнінде естеліктерімен бөлісті.