Цифрлық энергетика мамандары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ базасында дуалды оқудан өтуде
Цифрлық энергетика саласының болашақ мамандары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ базасында дуалды оқудан өтуде.
М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің «IT Энергетика» білім беру бағдарламасының студенттері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ базасында дуалды білім беру аясында «Электр қосалқы станциясының басқару жүйелерін автоматтандыру және телемеханика» және «Электр энергетикасындағы диспетчерлік басқарудың негіздері мен техникалық құралдары» пәндері бойынша білім алуда.
Сабақтарды режимдер бойынша жедел-диспетчерлік басқарма бастығының орынбасары — Сахи Зауре Болатқызы жүргізеді. Бұл студенттерге энергожүйеде жұмыс тәжірибесі бар мамандардан тікелей практикалық білім алуға мүмкіндік береді.
Дуалды оқыту бағдарламасы теориялық даярлық пен компания нысандарындағы практикалық жұмысты ұштастыра отырып, студенттерге:
-
электр қосалқы станцияларының автоматтандыру және телемеханика бойынша заманауи жүйелерін меңгеруге;
-
SCADA, EMS, DMS жүйелерімен, бағдарламаланатын логикалық контроллерлермен (PLC) жұмыс істеуге;
-
сенсорлар мен атқарушы құрылғылардан деректерді жинау, өңдеу және талдау дағдыларын қолдануға;
-
энергетикалық жабдықтың жұмысын мониторингілеу, диагностикалау және оңтайландыруға қатысуға;
-
цифрлық энергетикада және басқару жүйелерін автоматтандыруда сұранысқа ие практикалық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.
Осы тәсіл студенттердің академиялық оқуды нақты өндірістік тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасап, кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуына және энергетика саласында табысты мансап құруына ықпал етеді.