Халықаралық әйелдер күніне орай марапат
“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұжымымыздың бірқатар нәзік жандыларын адал еңбегі мен кәсібилігі үшін Алғыс хаттарымен марапаттады.
Әйел – өмірдің шуағы, тіршіліктің тірегі, ұжымның жүрегіне жылу сыйлайтын ерекше жан. Нәзіктік пен қайсарлықты, мейірім мен жауапкершілікті қатар алып жүрген әріптестеріміз күн сайын өз еңбегімен ортақ іске үлес қосып, компанияның дамуына қуат беріп келеді.
Сіздердің табандылықтарыңыз бен іскерліктеріңіз – ұжымымыздың мақтанышы. Көктемнің шуақты күніндей көңілдеріңіз әрдайым нұрға толып, еңбектеріңіз еленіп, шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толы болсын!