«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді
Кездесу барысында компанияның электр желілік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бағдарламаларын іске асыруға арналған перспективалы жобаларын қаржыландыру мәселелеріне баса назар аударылды. Тараптар электр желілерін жаңарту, электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ энергетика саласына заманауи технологияларды енгізуге бағытталған ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру тарату электр желілерінің жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және бірлескен жобаларды қаржыландырудың ықтимал тетіктерін пысықтауға мүдделі екендерін растады.