“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ қала және облыс аумағындағы Электр тораптары аудандары мен энергосбыт бөлімшелері жаппай сенбілікке қатысып, кеңсе ғимараттары мен оған іргелес аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Аталған игі бастама аясында қызметкерлер қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосып, тазалық пен тәртіпті сақтау мәдениетін дәріптеді.