28 сәуір – Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күні аясында “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның еңбекті қорғау саласына қосқан үлесі мен жоғары жауапкершілігі үшін бірқатар қызметкерлері марапатталды.

Бұл күн – өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, әр қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңыздылығын айқындайтын ерекше дата. Компанияда еңбекті қорғау талаптарын сақтау – басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, барша әріптестерге қауіпсіз әрі апатсыз жұмыс тілейміз!