
Балтабаев Асқар Қуатбайұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры
Басқарма мүшесі
Туған күні: 16 қыркүйек 1979 жыл
Білімі:
08.2001ж. – 05.2006ж. - Алматы қаласы Бостандық аудандық ІІБ-де тергеуші, Алматы қалалық ІІД-де тергеуші, Алматы қаласы Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары. Құқық қорғау қызметі
05.2006ж. – 01.2009ж. - Алматы қ. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде көліктегі қылмыстарды ашу басқармасының аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, лауазымдық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығының орынбасары
01.2009ж. – 05.2009ж. - Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде ауыр және аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы
09.2009ж. – 05.2012ж. - Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары
08.2012ж. – 11.2012ж. - Астана қаласындағы өкілдік директоры, «ИО» «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ заң басқармасының бастығы
12.2012ж. – 01.2018ж. - Сатып алу департаментінің бас менеджері, сатып алу департаментінің директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Самұрық-Энерго» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры
01.2018ж. – 07.2023ж. - «RW Group» ЖШС, «SG-Brick» ЖШС жеке компанияларында басшылық лауазымдарды атқарды
07.2023ж. – 08.2023ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры
08.2023ж. – қазіргі уақытқа дейін - «Самұрық-Энерго» АҚ қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры
Атқаратын қызметі:
- Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуын ұйымдастыру және бақылау;
- Сатып алудағы жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету және бақылау;
- Қоғам мен ЕТҰ-ның сатып алу жоспарлары мен кестелерінің орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- Сатып алулар кезінде ҚР заңнамасы, «Самұрық-Қазына» АҚ және Қоғам/ЕТҰ құжаттары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Негізгі өндіріс үшін жабдық жеткізу логистикасын үйлестіру және бақылау;
- Баға маркетингін ұйымдастыру, жоспарлы және нақты бағалық көрсеткіштерді, негізгі тауар позицияларын мониторингтеу;
- Ірі жобалар бойынша негізгі жабдықтың бағалық маркетингін қамтамасыз ету;
- Сатып алуда баға мониторингін қамтамасыз ету және бақылау;
- Сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және олармен қамтамасыз етуді бақылау;
- ЕТҰ-тағы тауар-материалдық қорлардың айналымдылығын қамтамасыз ету және бақылау;
- «Самұрық-Қазына» және Қоғам деңгейінде санаттық стратегияларды әзірлеу, бекіту, іске асыру және мониторинг;
- Қоғам мен ЕТҰ-да тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету және бақылау, үздіксіздік менеджментін ұйымдастыру;
- Директорлар кеңесіне тәуекелдер талдауы және оларды төмендету жоспарлары бойынша есептер дайындау және ұсыну;
- ТБЖ және ІБЖ-ны жетілдіру жоспарларын әзірлеу/орындау, тиімділігін талдау, ЕТҰ-ға әдістемелік қолдау көрсету;
- Топ компаниялары қызметінің үздіксіздігі бойынша жоспарларды әзірлеу/орындау үдерістерін қамтамасыз ету және олардың тиімділігін талдау;
- Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
- Корпоративтік орталықтың тұрақты жұмысы, қорларды тиімді басқару, қызметкерлерді мүлікпен қамтамасыз ету, іссапарлық тұрғын үй шығындарын оңтайландыру, ЭҚАЖ-ды жетілдіру және мемлекеттік тілді енгізу/дамыту үдерістерін үйлестіру және бақылау.