18.12.2025

Құрметті тұтынушылар!

Электр энергиясын бөлшек сауда нарығында жеткізуші мен тұтынушы арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен және электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың әрекеттері адалдық, ақылға қонымдылық және әділеттілік қағидаттарына негізделеді деп болжанады. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа бір тұлғаға зиян келтіруге, құқықты теріс пайдалануға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Ешкім өзіне тән адал емес мінез-құлқынан пайда табуға құқылы емес.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес электр энергиясын беруді тоқтату негіздері көзделген, олардың ішінде электр энергиясы үшін төлемнің болмауы да бар. Аталған шаралар шарт талаптарын тиісінше орындап отырған адал тұтынушыларға ешқашан қолданылмайтынын атап өткен жөн.

Аталған Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылған болса, онда оны қайта қосу құқық бұзушылық жойылғаннан және қосу қызметі үшін төлем жасалғаннан кейін энергия беруші ұйым арқылы жүзеге асырылады.

05.01.2026 жылдан бастап қызметтердің төмендегідей құны белгіленген:

  • жеке тұлғалар үшін есептегіш арқылы немесе тарату қалқанынан қосу —
    12 970 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);

  • жеке тұлғалар үшін әуе желісінің тірегінен немесе үйдің қасбетінен қосу —
    17 743 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);

  • заңды тұлғалар үшін қосу —
    22 357 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).