"Үздік қызметкер" конкурсы
Алмагамбетов Берик Казакбаевич энергетикадағы еңбек жолын 1980 жылы бастаған, "АЖК" АҚ-да жұмыс істеген кезенде өзін энергетиканың инженерлік проблемаларын терең түсінетін, өзіне жүктелген күрделі мәселелерді шешуде жауапкершілікті алуға қабілетті, техникалық сауатты маман және білікті басшы ретінде көрсете білді.
"Универсиада-2017" нысандарын энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды дайындауды ұйымдастыруға үлкен үлес қосты, ол үшін Алматы қаласы әкімдігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жабдық жұмысының тиімділігін, жабдықтың техникалық сипаттамаларға сәйкестігін, пайдалану шарттарын сақтауды анықтау үшін, қалалық БТ басқармасының ЭТА-ларын аудиторлық тексерулерге қатысады. Алматы қаласының әкімдігімен коммуналдық және иесіз электр желілерін бақылау, түзету және шоғырландыру бойынша жұмыстарды жүргізеді және осы мәселелер бойынша кеңестерге қатысып отырады.
Жұмысына сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының "Құрметті энергетигі" атағымен марапатталған. Өзіне жүктелген міндеттерге өте жауапкершілікпен қарайды, әрдайым мерзімінде орындайды. Еңбек тәртібін сақтайды. Ұжымда лайықты абырой мен құрметке ие.
Балгереев Шафик Маратович Балгереев Шафик Маратович еңбек жолын 2000 жылы "АПК" АҚ есептеу аспаптарын пайдалану жөніндегі электр монтері болып бастаған. Әр жылдары "KEGOC" АҚ Релелік қорғау және автоматика қызметінде, "ЖерСу" корпорациясы жанындағы жобаларды әзірлеу «Энергокомплекс ВЭР» ЖШС-да жетекші инженер, "АЭС" АҚ Перспективалық дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2007-2009 жылдары "АПК"АҚ Перспективалық дамыту басқармасының бас маманы болып еңбек етті.
2010 жылдан бастап 2011 жылға дейін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Облыстық электр тораптары басқармасының 35кВ және одан жоғары тораптар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Облыстық электр тораптары басқармасы 35кВ және одан жоғары тораптар бөлімінің бастығы қызметін атқаруда. Жұмыс істеген уақыты ішінде ол электрмен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу, ҚС және ЭЖЖ-да қазіргі заманғы жабдықты пайдалануға енгізу есебінен электр энергетикалық жабдықтың технологиялық істен шығуын төмендету сияқты нәтижелерге қол жеткізді. Бұл нәтижелерге жобалау алдындағы кезеңдерден бастап қабылдау комиссияларына қатысуға дейінгі сапалы жұмыс есебінен қол жеткізілді.
Ол өзінің жоғары жинақылығымен және жұмысқа қабілеттілігімен, ұжыммен, тұтынушылармен және мердігерлік ұйымдармен қарым-қатынас кезінде туындайтын даулы мәселелерді шеше білуімен, тапсырылған іске барынша адалдығымен және жауапкершілігімен ерекшеленеді. Қол жеткізген табыстары - оның кәсіби білімі мен білім деңгейін арттыруға ұмтылысын көрсетеді. Еңбек тәртібін бұзуға жол бермейді. Ұжымның қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Ұжымда әріптестерінің алдында беделді және құрметіне ие. 2014 жылы Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ещенко Татьяна Владимировна компанияда 2001 жылдан бастап жұмыс істейді, осы уақыт ішінде ол күрделі, көптеген функционалдық бағдарламалық кешендерді әзірледі және енгізді, олар жылдық сатып алу жоспары, жылдық жиынтық өтінім және ұзақ мерзімді сатып алу жоспары, қауіпті өндірістік фактор және т.б. бағдарламалар. Кәсіпорынның құрылымын, көптеген бөлімшелердің функциялары мен жұмыс ерекшеліктерін жақсы біледі. Қазіргі уақытта ол бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңа стандарттарға, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның талаптары мен сұраныстарына орай дамытуда, бөлімшелерге егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді және оларға жұмыс процесінде көмектеседі, бұдан басқа бағдарламаларда жұмыс істейтін басқармалар арасындағы даулы мәселелерді шешуге қатысады.
Бұдан басқа, "Самұрық-Энерго" АҚ-ның «АЖК» АҚ-дағы еңбекті қорғау жағдайын тексеру нәтижелері бойынша "АЖК" АҚ-да енгізілген қауіпті өндірістік факторларды (ҚӨФ) бақылау және есепке алу жүйесінің тиімділігі атап өтілді, осыған байланысты, "Самұрық-Энерго" АҚ ҚӨФ бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және енгізуге белсенді қатысқан ТКБ СПС жетекші инженері Т.В.Ещенконы көтермелеу туралы 05.11.2019ж. №8346 хат жолдады.
Ещенко Татьяна "АЖК" АҚ-да қабылданған бағдарламалау тілдерінде экономикалық ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын жетік меңгерген. Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтайды. Жауапты, мейірімді адам, ұжымда құрметке ие.
Жетібаев Дастан Бахытұлы 04.10.2013ж. бастап "АЖК" АҚ Қосалқы станция басқармасының БҚ жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі болып жұмыс істейді.
Жұмыс тәжірибесіне барлық жаңалықтарды енгізіп отырады. Жаңа жағдайды талдай алады және туындаған мәселелерге тиісті шешімдер қабылдай алады. Кәсіпқой, мақсатқа жету үшін жедел шешім қабылдай алады. Жоспарлы және авариялық жұмыстар кезінде өзін жақсы жағынан көрсетеді. Үнемі жұмыс қызу жүріп жатқан жерден табылады. Тапсырылған тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындай отырып, бастама көтереді. Ол өз жұмысына сауаттылықпен, адалдықпен қарайды. Жас мамандармен тәжірибесін бөлісіп, оларды жоспарлы және авариялық жөндеулерді уақтылы және сапалы орындау үшін адал және сапалы жұмыс істеуге үйретеді.
Ұжымда еңбек тәртібінің сақталуын қолдайды. Өзінің лауазымдық міндеттерін үлкен жұмыс көлемін орындаумен, жауапкершілікпен атқарады. Жұмыс нәтижелеріне аса жауаптылықпен қарайды. Ол жұмысқа жоғары қабілетті, тапсырылған жұмысты тиімді орындау үшін қажет қосымша білім алуға ұмтылады. "АЖК" АҚ Қосалқы станция басқармасының жұмысына белсенді қатысады.
Карафотенко Геннадий Дмитриевич Есік ЭТА-да 1979 жылдан бастап1986 жылға дейін БТ жөніндегі шебер лауазымында жұмыс істеді. Орта-техникалық білімі бар. Бөлу тораптары жөніндегі шебердің міндеттері - электр қондырғылары мен электр желілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс өндірісінің қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, желілердегі ысыраптарды азайту жөніндегі техникалық іс-шараларды және желілік учаскедегі электр энергиясын іске асыру жоспарын орындау, электр энергиясының ұтымды жұмсалуын және пайдалы босатылу көлемін болжау және жедел бақылау болып табылады. Тәуліктің кез келген уақытында аварияларды жою үшін шақырылатын жұмысқа әрқашан дайын. Адал және абыроймен жұмыс істейді, еңбек тәртібін сақтайды, өзіне жүктелген еңбек міндеттерін сапалы, уақтылы және нәтижелі орындайды. Өзінің ұжымында үлкен құрметке ие. Есік ЭТА басшылығы мен ұжымы Карафотенко Генадий Дмитриевичтің кандидатурасын "Үздік қызметкер" байқауына ұсынады.
Сагидулин Манап Каппасович "АЖК" АҚ 2-ЭТА-да 2010 жылдан бастап 5-дәрежелі экскаватор машинисі болып жұмыс істейді.
Қызмет көрсететін экскаваторлардың құрылымы мен техникалық сипаттамаларын, экскаваторлардың механикалық, гидравликалық және электрлік жабдықтарының жұмыс принципін, ауыр және жеңіл топырақты экскавациялау ережелерін және механизмдерді басқару тәсілдерін, топырақ әзірлеудің ерекшеліктерін, топырақты тиеу ережелерін біледі және қолданады. Жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсетті және басшылықтың тапсырмалары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Барлық тапсырмаларды мерзімінде орындайды. Жұмыста өзін сауатты, білікті маман ретінде көрсетті. Еңбек тәртібін және жол қозғалысы ережелерін сақтайды, жол элементтерін және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін біледі.
Сагидуллин Манап, қала орталығын электрмен жабдықтаудың сенімді схемасын қалпына келтіруге үлкен үлес қосуда, күрделі жағдайларда, тәуліктің түнгі уақытынжа және демалыс күндері де жұмыс істейді. Шағымдар мен оған қолданылған тәріптік жазалар жоқ. Ұжымда беделді және құрметке ие.


