"Үздік қызметкер" конкурсы
Бурцев Павел Павлович
Есік ЭТА-да 1980 жылдан бастап жұмыс істейді, ал жедел-диспетчерлік топтың бастығы лауазымын 1991 жылдан бері атқарып келеді. Орта-техникалық білімі бар. Оның міндеті - Жедел-диспетчерлік топтың жедел персоналының іс-әрекетінің дұрыстығын, сондай-ақ қосалқы станциялар тобының кезекші персоналының жұмысын бақылау. Жабдықтарды жөндеу, сынау және оларды жұмысқа қосу үшін олардың дұрыс және уақтылы ажыратылуына бақылау жүргізеді. Аварияларды жою барысын бақылайды және қажет болған жағдайда ЖДТ жедел персоналына тиісті нұсқаулар береді. Есік ЭТА тораптарының жұмыс режимін әзірлейді және режимнің дұрыс жүргізілуін бақылайды. Жұмысын адал және абыроймен атқарады, еңбек тәртібін сақтайды, өзіне жүктелген еңбек міндеттерін сапалы, уақтылы және нәтижелі орындайды. Өзінің ұжымында үлкен құрметке ие. Есік ЭТА басшылығы мен ұжымы "Үздік қызметкер" конкурсына Павел Павлович Бурцевтің кандидатурасын ұсынады.
Курамаев Данияр Бакытжанович
Курамаев Д.Б. 2014 жылдан бастап "АЖК" АҚ ЭЖЖЦ-да трансформаторларды жөндеу және трансформаторлық майды регенерациялау тобында электр слесарь болып жұмыс істейді, жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсетті. Өзінің тікелей жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Ұжымдағы еңбек тәртібінің деңгейін қатаң ұстанады. Лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындайды, үлкен жұмыс көлемін еңсеріп келеді. Жұмыс нәтижелеріне жауапкершілікпен қарайды. Ол жоғары өнімділікке бас назар аударады, тапсырылған жұмысты тиімді орындау үшін қажет қосымша білім алуға ұмтылады.
Жұмыс тәжірибесіне барлық жаңа нәрселерді енгізеді. Жаңа жағдайды талдай алады және туындаған мәселелерге орай тиісті шешім қабылдай алады. Өз кәсібінің маманы, мақсатқа жету үшін жедел шешім таба қояды. Кез келген күрделі трансформаторларды жөндеуді меңгерген. Ол РПН жөндеу, трансформатор орамаларын қайта орау бойынша ең жақсы маман.
"АЖК" АҚ ЭЖЖЦ жұмысына белсенді қатысады:
- Қуаты аз трансформаторлардың орамаларын орауға арналған станокты жасады және құрастырды.
- Трансформатор орамаларының арасында болатын тұйықталуды анықтауға арналған құрылғыны дайындады.
Макаев Толкын Жумабековна - Орталық релелік қорғаныш және автоматика қызметінің есептеу бөлімінің жетекші инженері.
"АЖК" АҚ энергокомпаниясында 2007 жылдың шілде айынан бастап ОРҚжАҚ есептеу бөлімінің инженері лауазымында жұмыс істеп бастады, одан кейін, 01.04.2012 жылдан бастап орталық релелік қорғаныш және автоматика қызметінің есептеу бөлімінің жетекші инженері лауазымына ауысып, еңбек етіп келеді. Өзін білікті маман ретінде көрсетті, жұмысқа барынша жауапкершілікпен қарайды, РҚА құрылғыларының тағайыншамаларын есептеу бойынша өзіне тиісті дағдыларды меңгерген. Бастапқы материалдар мен есептеулер бойынша құжаттаманы тиісті деңгейде ұстайды. РҚА тағайыншамаларын есептеудің жаңа әдістемелерін зерделей отырып, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін арттыруды жалғастыруда Бөлімше басшылығының беретін тапсырмаларын уақытылы орындайды. Жұмыста мұқият, жауапты және ұқыпты. Орталық және аймақтық РҚА қызметінің ұжымымен жақсы қарым-қатынаста. Ұжымда құрметке ие.
Қорытынды: өзі атқарып жатқан лауазымына сәйкес.
Пахирдинов Муминджан – Ұйғыр ЭТА «Дубуньский» телімінің бөлу тораптарын пайдалану жөніндегі электр монтері.
Пахирдинов М. «АЖК» АҚ Ұйғыр ЭТА энергокомпаниясында 2007 жылғы сәуір айынан бастап жұмыс істейді.
Жұмыс барысында өзін бастамашыл, тәртіпті жұмыскер ретінде көрсетті. Тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындайды. Әкімшілік тарапынан ешқандай тәртіптік жаза алып көрген жоқ. Компанияның дамуына үлкен үлес қосып келеді. Тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындайды. Жөндеу науқанын өткізу кезінде де өз үлесін қосты. Жұмыста жауапты және ұқыпты. Ұжымда әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста.
Пожидаев Валерий Александрович – 2-ЭТА бөлу құрылғылары жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі.
"АЖК" АҚ-да 2004 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын 2-ЭТА-жа ӘЖ-ні жөндеу жөніндегі электр монтері лауазымынан бастаған. 2009 жылдан бастап БҚ жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі лауазымына ауыстырылды. Жұмыс барысында ол өзін сауатты, жауапты, өз бетінше шешім қабылдай алатын, тәртіпті және атқарушы маман ретінде көрсетті, оның құзыретіне кіретін күрделі мәселелерді шешу кезінде жауапкершілікті өз мойнына ала алады және оларды шешуге қабілеті жетеді. Күнделікті жұмыста өз білімін шебер қолданады, құнды кеңестер бере алады.
Кернеуі 10-6-0,4кВ-тық электр жабдықтарына профилактикалық жұмыстарды, ревизияны, жөндеуді, монтаждауды және бөлшектеуді жүргізу, реттеу және баптау бойынша жұмыстарды орындайды. Жабдықтың жай-күйін, жүктемені, май деңгейін, түйіспелердің қызуын, ескертулер мен түсіндірме жазбалардың және плакаттардың болуын, құрылыс бөлігінің жарамды жай-күйін қатаң қадағалайды, ТҚС панажайы мен оған іргелес аумақты таза және тәртіппен ұстауға ерекше назар аударады.
Еңбек тәртібін бұзуға жол бермейді, тәртіптік жазалау шаралары қолданылып көрген жоқ. Ұжымда беделді және құрметке ие. Жеке қасиеттері ретінде оның еңбекке қабілеттілігін, адамдармен қарым-қатынас жасай алуын атап өту керек, әсіресе оның адамдармен тіл табысу және туындаған мәселелерді жанжалсыз шешу қабілеттерін ерекше атап кеткен жөн.
Сыдыкбаев Жанат Маткеримович 2014 жылғы 01 қыркүйектен бастап 6-ЭТА-да әуелік электр жеткізу желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері болып еңбек етіп келеді.
Жұмыс істеп келе жатқан кезеңінде өзін жауапты, сауатты жұмыскер ретінде көрсетті. Жұмысты сапалы орындайды. Мәселелерді сындарлы шеше алады.
Берілген тапсырмаларды жақсы атқарады, өз әріптестеріне тілектес болып жүреді, өз жұмысының сапасын бағалай алады, жұмыс тәжірибесімен бөліседі. Еңбекқор, барлық уақытта жоғары өнімділікке жұмыс істейді. Жеке жағымды қасиеттері - салмақтылық, мейірімділік, ұқыптылық. Жұмыс істеген уақытында тәртіптік жазалар алған кезі болған жоқ.
Моральдық тұрғыдан мінсіз адам, күнделікті өмірде қарапайым. Өте қамқор әке.


