«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Самұрық-Қазына» қорының өндірістік қауіпсіздік форумына қатысты

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ «Қауіпсіз және салауатты еңбек болашағы» («Безопасное и здоровое будущее труда») өндірістік қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы II форум өтті.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылов Абай Ногаевич және Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Шайхисламов Тимур Серикович осы іс-шараға жеке қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Нұрлан Жакупов форумға қатысушыларға өзінің құттықтау сөзінде: «Форум барлық портфельдік компаниялардың ортақ күш-жігерін біріктіру үшін, Қор тобы қызметкерлерінің әрқайсысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды», - деп ерекше атап өтті.

Форумның «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасының 7 алтын ережесін енгізу» атты жеке панельдік сессиясына «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының бірінші басшылары қатысып, жұмыскерлердің өндірістік қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мәселелерін шешуде өз көзқарастарымен бөлісті.

Осы сессия аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов «Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту» тұжырымдамасының маңызды ережелерінің біріне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Самұрық-Қазына» АҚ «Қауіпсіздік және салауатты еңбек болашағы» («Безопасное и здоровое будущее труда») өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы II форумының жұмысына еңбекті қорғау саласындағы әлемдік жетістіктер туралы мәліметтермен бөліскен халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

«Vision Zero» немесе «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы – өндірістің барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және жұмысшылардың әл-ауқаты бойынша үш бағытты біріктіретін профилактиканы ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілі.

Форум соңында тәжірибе алмасу және еңбекті қорғауды басқару жүйесін басқару дағдыларын арттыру мақсатында Қордың портфельдік компанияларында өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға жауапты басшылар қатысқан кейстермен практикалық жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, практикалық жұмысқа «АЖК» АҚ Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Т.С. Шайхисламов қатысты. Т. С. Шайхисламов бастаған команда осы іс-шарада бірінші орынға ие болғанын, оның өкілдері естелік сыйлықтармен марапатталғанын атап өткіміз келеді.