«АЖК» АҚ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТКІЗДІ

2024 жылғы 14 наурызда "АЖК" АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша реттемелі қызмет – электр энергиясын беру бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттемелі қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жетістіктері туралы, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп жүргізді. Есеп жария тыңдалым түрінде офлайн форматта ұйымдастырылды.

"АЖК" АҚ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды 2024 жылғы 14 ақпандағы №19 (3150) «Тендер КЗ» республикалық күнделікті газетінде ақпаратты жариялаумен және сәйкесінше өзінің https://www.azhk.kz/ru/tarify интернет-ресурсында орналастырумен хабардар етті.

Қоғамдық тыңдауларға тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша ТМРКД табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Ардақ Жаңабаева қатысты.

Іс-шара аясында «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер Сағымбеков Жақсылык Берікжанұлы баяндама жасады.

Өз есебінде Жақсылык Берікжанұлы - «АЖК» АҚ – табиғи монополия субъектісі, компания электр энергиясын беру қызмет түрі бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөліміне енгізілген – деп атап өтті.

Көрсетілетін қызметтер көлемі 13 776 млн. теңге мөлшерінде қарастырылған. 2023 жылғы қорытындылар бойынша Инвестициялық бағдарламаның нақты орындалуы 16 281 млн. теңге немесе 120% құрады.

Жарғылық капиталды ұлғайту қаражаты есебінен 1022 млн. теңге сомасына электр желілерін қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, 906 млн. теңге сомасына «ЭКЕАЖ іске асыру» жобасы бойынша және 84 млн. теңге сомасына 5 бірлік мөлшерінде автокөлік сатып алынды.

2023 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалу фактісі бойынша іске асыру мерзімдерін 2024 жылға ауыстыру сомасы 4 483млн. теңгені құрады. Іске асыру мерзімдерін ауыстыру ескерілген Инвестициялық бағдарламаны түзету ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді құру қағидаларының 364-тармағына сәйкес Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ТМРК Департаменттерімен және ҚР Энергетика министрлігімен келісілген және қазіргі таңда қол қою кезеңінде (міндеттемелердің орындалмауы «АЖК» АҚ тәуелді емес себептермен байланысты.

Реттемелі қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің бекітілуі, табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жетістіктері туралы ақпарат тарифті реттеудің ынталандырушы әдісін қолданумен тарифтерді бекіту кезінде қарастырылды.

«АЖК» АҚ үшін 2023 жылға тариф және тарифтік смета тарифті реттеудің шығынды әдісі бойынша бекітілді, соған сәйкес реттемелі қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштері және қызметтің тиімділік көрсеткіштерінің жетістіктері «АЖК» АҚ үшін 2023 жылға бекітілмеді.

2023 жылғы қорытындылар бойынша апаттылық және э/э жіберілмей қалуы мынадай көрсеткіштерді құрады:

  • Апаттылық көрсеткіші– 3 340 бірлік
  • э/э жіберілмей қалу көрсеткіші– 2 668 мың кВтс.

Теріс әсер еткен факторлар:

  • ауа райы жағдайларының нашарлауы, күшті желдің ұйытқуы (24 м/с асады),
  • коммуналдық меншіктен Компания теңгеріміне қабылданған иесіз тораптардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі (көбінесе бау-бақша серіктестіктерінің және кейбір тұрғын үй кешендерінің);
  • Алматы қаласы мен Алматы облысында тұтынушылар санының ұлғаюы. Жаңа тұрғын үй кешендерін, қалалық инфрақұрылым салу, қала орталығында тығыздалған құрылыс нысандарын салу, «АЖК» АҚ тораптарына жаңа 10/0,4кВ-ТҚС және 10кВ-КЖ қосу. Алматы қаласының 6-10кВ кәбілдік тораптарының көпшілігі 40 жылдан аса уақыт пайдаланылған және тозған.

Сөз сөйлеу барысында тарифтарға, іске асырылып жатқан жобаларға қатысты мәселелер айтылды, өз ұсыныстарын білдірді, олардың бәрі тыңдалым хаттамасында ескерілді.

Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.