Күшіміз бірлікте!

Көктем келісімен күннің күрт жылып, қардың еруіне байланысты еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны орын алды. «Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады» - деп президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай бұл өте күрделі жағдай.

Су тасқыны салдарынан еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Ел басына күн туған заманда, қарғын сумен арпалысып жатқан халыққа «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ да көмек қолын созбай отыра алмады.

Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлының бастамасымен арнайы жиын өткізіліп, компания жұмысшылары ерікті бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдап, 29,4 млн теңге қаражат жинады. Қайырымдылық көмек «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есепшотына аударылды Сонымен қатар, табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатқан өңірлерге аз да болса қол ұшын созу мақсатында компания 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Халықтың сұранысына сәйкес, азық-түлік өнімдері мен гигиеналық және басқа да қажетті заттар жіберілді.

Осындай қиын-қыстау кезде адамгершілік, ұйымшылдық қасиеттен аттамай әрекет ету жарықпен қамтамасыз етіп отырған энергетиктер үшін өте маңызды деп санаймыз!

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының