Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған XI Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық шара Қазақстанның әр өңірінен келген 1400-ден астам қызметкерді, негізінен өндірістік мамандық иелерін, бір алаңға жинады.
Бағдарлама 14 спорт түрін қамтиды. Оның ішінде волейбол, баскетбол, футзал, жүзу, үстел теннисі, шахмат сияқты топтық және жеке жарыстар, сондай-ақ садақ ату, арқан тарту және басқа да ұлттық спорт түрлері бар.
Спартакиадаға «Самұрық-Энерго» АҚ намысын қорғау үшін Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың 100-ге жуық қызметкері қатысады.
Командамыздың жоғары белестерден көрініп, жарқын жеңістерге жетуіне тілектеспіз!


