«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері арасында спортқа деген қызығушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
XI Спартакиада аясында өткен жарыста АЖК қызметкері Асия Құрманбай әйелдер арасында 18–24 жас санатында еркін стильде жүзуден 🥉 III орын иеленді.
Асия жарыс барысында өзінің спорттық шеберлігін, жігері мен табандылығын көрсетіп, компания қоржынына жүлделі медаль қосты. Бұл – тек жеке жетістік емес, ұжым үшін де үлкен мақтаныш.
🥉 Асия Құрманбайды жүлделі нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оған зор денсаулық, сәттілік, жаңа жеңістер мен алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруды тілейміз!
АЖК ұжымы – жұмыста да, спортта да бірге!


