Арқан тартыстағы тартысты бәсеке: «Алатау Жарық Компаниясы» командасы – қола жүлдегер!

Арқан тартыстағы тартысты бәсеке: «Алатау Жарық Компаниясы» командасы – қола жүлдегер!

XI Спартакиада аясында арқан тартудан өткен жарыста «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасы жоғары командалық рух пен мықты дайындықтың үлгісін көрсетті.

Қарқынды өткен сайыс барысында спортшылар соңына дейін бар күш-жігерін жұмсап, ұйымшылдық, табандылық және жеңіске деген жігер танытты. Әр кезең сайын тартысты жалғастырып, бір мақсат жолында жұмыла білген команда нәтижесінде III орынға ие болып, компания қоржынына тағы бір қола жүлде қосты.

Бұл жеңіс – спортшылардың қажырлы еңбегі мен командалық бірлігінің нәтижесі.

Соңына дейін күресіп, күш пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсеткен әріптестерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!