Үстел теннисінен — қола жүлде!

Үстел теннисінен — қола жүлде!

XI Спартакиада аясында өткен үстел теннисі жарысында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкері Владислав Ким шеберлігі мен шапшаңдығын танытып, тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша III орынға ие болды.

Жарыс барысында Владислав жоғары дайындық деңгейін, дәлдік пен жылдамдықты, сондай-ақ жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр ойын сайын бар күшін салып, соңына дейін күресіп, компания қоржынына кезекті жүлдені қосты.

Владислав Кимді жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — «Алатау Жарық Компаниясы» командасының XI Спартакиададағы бүгінгі жарыс күніндегі тағы бір тамаша нәтижесі!

Әріптесімізге алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз!