XI Спартакиада аясында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әйелдер волейбол командасы жарыс бойы жоғары ойын өрнегін көрсетіп, әр кездесуде шеберлік пен жігер танытты.
Финалдық бәсекеде команда бар күшін жұмылдырып, тартысты ойында жеңіске жетіп, I орын иеленді!
Бұл жеңіс — волейболшыларымыздың тынымсыз дайындығы, ұйымшылдығы, өзара қолдауы мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі.
«Алатау Жарық Компаниясы» әйелдер волейбол командасын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биіктен көрініп, жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете беріңіздер!


