Күш пен қайсарлықтың жеңісі: Индира Байжанова — қол күрестен чемпион!

Күш пен қайсарлықтың жеңісі: Индира Байжанова — қол күрестен чемпион!

XI Спартакиада аясында өткен қол күресі бәсекесінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкері Индира Байжанова өзінің мықты дайындығы мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тартысты сайыста қарсыластарына дес бермей, жоғары шеберлік пен қайсарлық танытқан Индира I орын иеленіп, компания қоржынына кезекті алтын жүлдені қосты!

Индира Байжанова үшін бұл — жай ғана жеңіс емес. Ол осымен «Самұрық-Қазына» қорының Спартакиадасында алты дүркін чемпион атанып отыр!

Бұл — жылдар бойы қалыптасқан тәжірибе, үздіксіз дайындық, мықты мінез бен жеңіске деген табанды ұмтылыстың нәтижесі.

Индира Байжановамен мақтанамыз! Оны кезекті жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!