«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ спортшыларын салтанатты түрде қарсы алды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ спортшыларын салтанатты түрде қарсы алды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасындағы ХІ Спартакиада ойындарынан оралған спортшыларын салтанатты түрде күтіп алды.

Жарыс барысында компания намысын абыроймен қорғаған спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Компания басшылығы мен ұжымы жеңімпаздарды құттықтап, табандылығы мен командалық рухы үшін алғыс білдірді.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!

Жеңіс — бірлікте!