Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Жарықбасовпен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Бас инженері Жақсылық Сағымбеков бірлесіп, мердігер ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстарын тексерді.
Жұмыс сапары барысында мамандар электр желілерін реконструкциялау нысандарын аралап, жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын бағалады.
Тексерілген нысандардың бірі – «Saryarqa-MS» ЖШС жүзеге асырып жатқан «ПС-6А, ПС-3А (ПС-168А) қосалқы станцияларындағы электр желілерін 6 кВ-тан 10 кВ кернеуге ауыстыру» жобасының 2-кезеңі.
Инвестициялық жобаларды іске асыру электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және Алматы қаласының электр желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған.


