Бүгін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымында 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына қатысу мәселесіне арналған жиын өтті.
Жиында сөз алған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Абай Асылов еліміз үшін маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Құрылтай – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды институттардың бірі. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын білдіруі – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы барша қызметкерлерді сайлау күні өз азаматтық таңдауын жасауға шақырады.


