Республика күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ-да Қордың компаниялар тобы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен жоғары кәсібилігі үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды.
«Құрмет» орденімен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы марапатталды.
Бұл марапат — отандық энергетика саласын дамытуға, электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және компанияның тұрақты дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Абай Ноғайұлын жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтап, еңбегіне табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейді!


